386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


14 жастағы қазақстандық алаңға жүгіріп шығып, Криштиану Роналдумен суретке түсті

  • 254
  • UPD: 12:41, 22.07.2019
14 жастағы қазақстандық алаңға жүгіріп шығып, Криштиану Роналдумен суретке түсті

14 жастағы ақтаулық бала Сингапурда өтіп жатқан «Ювентус» -«Тоттенхэм» матчы кезінде алаңға жүгіріп шығып, әйгілі Криштиану Роналдумен суретке түсті.

Қазақстандық бала 21 шілде күні өткен матчты әкесімен бірге тамашалаған. Әкесі оған бұл матчты оның туған күніне тарту еткен екен.

Сурет cr7sjuve Instagram парақшасында жарияланды.

14 жастағы Ахмади Ержанов португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың жанкүйері. Оның әкесі алғашында ұлына «Ювентустың» футбол лагеріне жолдама сыйламақ болған. Одан кейін ер адам «Ювентус» – «Тоттенхэм» матчына билеттер сатып алады.

Естеріңізге сала кетейік, «Ювентус» – «Тотенхэм» матчы 21 шілдеде Сингапурде өтті. Ойын 3:2есебімен «Тоттенхэмнің» жеңісімен аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы