386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарқаралыда заманауи спорт кешені салынып жатыр

  • 150
  • UPD: 13:43, 22.07.2019
Қарқаралыда заманауи спорт кешені салынып жатыр

Қарқаралыда заманауи дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынып жатыр.  

Аудан орталығында алғаш рет спорттық сайыстарды өткізуге арналған жабық ғимараттың пайда болатыны  халықты қуантып отыр. Мұнда үстел ойындарына арналған кабинет, фитнес және баскетбол залдары қарастылымақ.  Ал футбол, воллейбол мен баскетбол ойындарына арналған әмбебап алаңда 320 орындық көрермендер трибунасы да болады деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарына облыстық қазынадан 460 миллион теңге бөлінсе, аудандық бюджеттен қосымша 200 млн қарастырылған.   Бүгінгі таңда кешеннің 70 пайызы салынып болды. Құрылыс жұмыстары осы жылдың қазан айында аяқталады-дейді мамандар.

Қуат Жұмашев, құрылыс компаниясының директоры:

- Бәрі қарастырылған размерлері, мынау стеновой дейміз 15 см қалың, жоғарғы жағы 20. Өз алдына жылыту қарастырылған. Құрылыс материалдары бәрі жеткілікті. Проектте көрсетілген, мына қазақстанның зауыттарынан алынған.

Хабар 24 телеарнасы