386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз джиу-джитсудан Азия чемпионатында топ жарды

  • 348
  • UPD: 15:24, 22.07.2019
Еліміз джиу-джитсудан Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері Азия чемпионатында топ жарды. Биылғы құрлықтық дода Моңғолия елінде өткен еді және оған 20 елден 500-ден аса спортшы жиналды.

Ал жерлестеріміз 7 алтын, 4 күміс, 5 қола жүлде еншілеп, жалпыкомандалық есепте 2-орынға жайғасты. Атап айтқанда, қазақстандық спортшылар арасынан жеңіл салмақтағы Жеңіс Нұрлыбаев, Жәнібек Әбубәкір және Досбол Жарасовтар қарсылас шақ келтірмеді. Баккуар Хамзе мен Айбар Есенғалиев те алтын жүлдегер атанды. Ал қыздар арасында Әлия Тілепова және Галина Дуванова жеңіс тұрғырынан көрінді. Айта кетейік, жалпы есепте 22 алтын еншілеген Таиланд құрамасы топ бастады. Екінші орында Қазақстан спортшылары болса, үздік үштікті жергілікті жекпе-жек шеберлері түйіндеді.

Хабар 24 телеарнасы