384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дамир Рыспаев тағы төбелес шығарды (видео)

  • 294

Маусым алды дайындық аясында өткен жолдастық кездесуде елордалық «Номад» қарағандылық «Сарыарқаны» сырт алаңда жеңді, деп жазады Prosports.kz.

«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Номад» (Астана) – 1:2 (0:1, 0:0, 1:1)

0:1 – Преснов (Яковлев, Александров) – 09:48
1:1 – Зеленков (Севанькаев) – 40:27
1:2 – Мишкин (Данияр Сн., Гатиятов) – 50:54

Бір қызығы, матч жеңімпазы анық болса да, жолдастық кездесу болғандықтан командалар буллит сериясын өткізді. Бұл сында алаң иелерінің жолы болды.

Бұл ойынның бар қызығы бұл ғана емес еді. Матч барысында «Номад» қорғаушысы Дамир Рыспаев «Сарыарқа» шабуылшысы Владислав Никулинмен төбелесті. 

Бұрыннан тентек мінезімен танымал хоккейші қарсыласын бір соққымен мұз айдынына құлатып түсірді.

Хабар 24 телеарнасы