386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әділбек Мусин әлемдік сында Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

  • 178
Әділбек Мусин әлемдік сында Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

Кванджуда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда.

Бүгін 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден іріктеу кезеңдері өтті, деп жазады Olympic.kz.  Қазақстандық Әділбек Мусин 01.58.58 уақыт көрсеткішімен өз тобында екінші орын алды. Ал жалпы іріктеу кезеңінде 25-сатыға тұрақтап, финалға өте алған жоқ. Десе де Мусин осы нәтижесі арқылы Қазақстан рекордын жаңартты. Бұрынғы рекорд да Мусинге тиесілі болатын. Ол АҚШ-та өткен жарыста 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 1.59.48 нәтижесін тіркеді. 

Айта кетелік, бұл – Әділбектің әлемдік сындағы екінші рекорды. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден де ел рекордына түзету енгізді. 

Хабар 24 телеарнасы