386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токио-2020: Олимпиада қонақтарын роботтар қарсы алады

  • 161
  • UPD: 12:27, 23.07.2019
Токио-2020: Олимпиада қонақтарын роботтар қарсы алады iXBT.com

Жапондар Токио олимпиадасына тыңғылықты дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күншығыс елі спорттағы әлеуетін ғана емес, технологиядағы жетістіктерін де паш етуді көздейді. 2020 жылы Токио олимпадасының қонақтарын роботтар қарсы алады. Темір адамдар келушілерді суретке түсіріп, жол көрсетеді. Роботтардың көздері адамдардың қылығын түсінеді әрі олардың қол-аяқтары қимылдайды. Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылы 24 шілдеде басталады.

 

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин әлем чемпионатындағы алғашқы жарысын жетінші орынмен аяқтады

Қазақстандық спортшы 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 59,14 секунд уақыт көрсетті. Баландин әлем чемпионы атанған британиялық Адам Питиден екі секунд ұтылды.

Бүгін «Астана» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Елорда футболшылары Андоррада «Санта-Колома» командасымен алаңға шығады. Матч түнгі он екіде басталады. Егер «Астана» қарсыласынан өтсе, үшінші кезеңде «Ференцварош» пен «Валлетта» командаларының бірімен кездеседі. Бейсенбінің кешінде «Ордабасы» мен «Қайрат» та алғашқы ойындарын сырт алаңда өткізеді. Шымкент командасы чехияның «Млада-Болеслав» клубына қонаққа барса, Алматылықтар Израильдің «Хапоэль Беэр-Шевасымен» алаңға шығады. Екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчтар 1 тамызда өтеді.

 

Криштиану Роналду жаңа маусымға алаңсыз дайындалады.

Былтыр Португалиялық футболшының үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. Оған Америкалық сәнқой Кэтрин Майоргиге зәбір көрсетті деген айып тағылғанды. Алайда 2009 жылы Лас-Вегаста болған оқиғаға қатысты мәліметтер жеткіліксіз болды. Істі Америкалық полиция қарап, футболшының ДНҚ үлгісін де сұратты. Бірақ Роналдудың айыбына қажетті нақты дәлелдер жеткіліксіз болды.

 

Гарет Бэйл «Реалдан» кетеді

«Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан Гарет Бэйлдың командадан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мадрид клубы Уэльс құрамасының ойыншысын 80 млн еуроға сатуға дайын. Бэйл корольдік командаға 2013 жылы «Тоттенхэмнен» ауысып келген болатын. «Реал» Лондон клубынан футболшыны 100 млн еуроға сатып алғанды. Гарет Бэйл «Реал» сапында Ла лиганың 155 матчына қатысып, 78 доп соқты. Соңғы маусымда футболшы жарақаттың кесірінен негізгі құрамнан шығып қалды. Зидан келгелі алаңға шығуы да сиреп кетті. Қазір «Реал» АҚШ астанасы Вашингтонда оқу-жаттығу жиынында жүр.

Зинедин Зидан, «Реал Мадрид» ФК бас бапкері:

Бэйл мұндағы матчтарға қатыспайды. Себебі клуб ойыншыны сатуды көздейді. Ешқандай араздық жоқ. Осындай шешімге келдік, енді алдағы уақытта не күтіп тұрғанын айта алмаймын. Бір-екі күнде Бэйлдың мәселесі түбегейлі шешілуі тиіс. Бұл бәріміз үшін де дұрыс шешім болады. Ең бастысы, Гареттің өзіне жақсы. Клуб келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы