388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Журналист Г.Полеваяны қолдау мақсатында футболдан матч өткізіледі

  • 312
  • UPD: 21:55, 23.07.2019
Журналист Г.Полеваяны қолдау мақсатында футболдан матч өткізіледі

Танымал қазақстандық журналист Галина Полеваяның еміне қаражат жинау мақсатында футболдан қайырымдылық матч өтеді.

Бас қаланың алаңында қаламгерлер мен спорт өкілдері бақ сынайды. Ойын ертең сағат күндізгі 12-де Футбол үйінде басталады. Турнирге Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, әлем чемпионы Светлана Подобедова, Олимпиаданың қола жүлдегері Дмитрий Карпов, танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей және футбол ардагерлері қатысады. Матчқа кіру тегін. Аренаға қайырымдылық жәшіктері орнатылады. Қазақстанның футбол федерациясы жиналған қаражатты Галина Поелваяның қорына аудармақ.

Естеріңізге сала кетейік, біздің әріптесіміз екі жылдан бері қатерлі ісік дертімен күресіп келеді. Емдеу шаралары өте қымбат болғандықтан журналистің отбасы көрермендер, жанкүйерлер, спорт федерацияларынан көмек қолын созуды өтінеді. Футболқұмарлар мен қайырымдылық шараны қолдаушыларды ертеңгі матчқа шақырамыз.

Қайрат Нұрдәулетов, ҚР Ұлттық футбол құрамасының ардагері:

- Қазақстандық жанкүйерлер мен қазақстандық спортшыларға Галина Полевая бөтен адам емес. Ол ұзақ уақыт бойы қазақстандық спортшылардың олимпиада жарыстары болмасын халықаралық жарыстар болмасын солардағы жеңістері мен жетістіктерін бізге жеткізген адам.

Хабар 24 телеарнасы