386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік боксшы жекпе-жектен соң көз жұмды

  • 146
Ресейлік боксшы жекпе-жектен соң көз жұмды Prosports.kz

Ресейлік боксшы Максим Дадашев АҚШ-та өткізген жекпе-жегінде алған жарақатының салдарынан көз жұмды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы боксшының командасы мәлім етті. 28 жастағы спортшының жарақаттан жүрегі шыдас бермеген. Максим Дадашев пуэрторикалық Сабриэл Матиасқа қарсы жекпе-жектен соң есінен танып, дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер боксшының миына қан құйылғанын анықтап, оның халі ауыр екенін мәлімдеген болатын.

Бұған дейін 13 жекпе-жегінде қарсыласынан басым болған Максим Дадашев алғашқы жеңілісінен соң көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы