385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды

  • 344
Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды

27-28 шілде күндері Тайпейде дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді.

Жылдың ең маңызды додаларының бірі саналатын Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы жақсы дайындықпен бара жатыр, деп жазады prosports.kz. Бұл туралы дзюдодан жасөспірімдер командасының аға жаттықтырушысы Ғайнулла Есенғалиев айтып берді.

– Аталған Азия чемпионаты алдағы әлем біріншілігіне іріктеу сындарының бірі десек болады. Жапония, Оңтүстік Корея, Моңғолия құрамасының спортшылары біздің басты қарсыласымыз болмақ. Дегенмен біздің спортшылар да осал емес. Тайпейдегі құрлық біріншілігінен екі алтын алуды жоспарлап отырмыз, – дейді құраманың аға жаттықтырушысы.

Азия чемпионатына 19 елден 200-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан жасөспірімдер құрама командасынан 19 спортшы ел намысын қорғайды.

Қыздар:

Алима Жұмағалиева (40 кг)

Диана Буркеева (44 кг)

Аружан Ережепова (48 кг)

Балнұр Әбдешова (48 кг)

Аяулым Қуанышова (52 кг)

Шапағат Дәулет (57 кг)

Алена Чуссовитина (63 кг)

Даяна Талғат (70 кг)

Мадина Парагульгова (+70 кг)

Карина Такиева (+70 кг).

Ұлдар:

Нұрқанат Серікбаев (50 кг)

Аслан Лес (55 кг)

Марлен Әділ (60 кг)

Тілеген Тынарбай (66 кг)

Серікбол Естай (73 кг)

Мұхаммедали Мавлидов (81 кг)

Айдар Арапов (81 кг)

Нұрасыл Болат (90 кг)

Жұрқамырза Шүкірбеков (+90 кг).

Хабар 24 телеарнасы