386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тур де Франс»: «Астана» капитаны жарыстан шығып қалды

  • 346
  • UPD: 11:17, 24.07.2019
«Тур де Франс»: «Астана» капитаны жарыстан шығып қалды DailyNews.kz

Биылғы «Тур де Франс» көпкүндігін «Астана» велокомандасының капитаны Якоб Фульсанг ерте аяқтады.

Даниялық велошабандоз 16-кезеңде жарақаттанып, жарыстан шығып қалды. Фульсанг мәреге 25 шақырым қалғанда құлады. Медициналық тексерістен кейін «Астана» капитаны тізесі мен қолын ауыртып алғаны белгілі болды. Жалпы есепте тоғызыншы орында келе жатқан даниялық велоспортшы жүлделі орыннан дәмелі мықтылардың бірі болатын. Енді қазақстандық команда кезеңдердің бірінде жеңіске жетуге ұмтылады. Фульсангтан бөлек, «Астананың» тағы бір спортшысы Луис Леон Санчес те жарақатына байланысты «Тур де Франс» көпкүндігін ерте аяқтады. 177 шақырымға созылған 16-кезеңде Калеб Юэн топ жарды. Бұл – австралиялық велоспортшының биылғы «Тур де Франстағы»екінші жеңісі. Жалпы есепте француз Жулиан Алафилипп «сары жейдені» ешкімге берер емес.    

Хабар 24 телеарнасы