386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Артур Таймазов екінші Олимпиада алтынынан айырылды

  • 203
Артур Таймазов екінші Олимпиада алтынынан айырылды ГТРК Алания

Осетиялық балуан Артур Таймазов 2012 жылғы Олимпиада ойындарындағы алтын медалінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол спорттық мансабында Өзбекстан құрамасында өнер көрсеткен болатын. Спортшы допингке қарсы ережелерді бұзды деп айыпталуда. Оның қанынан туринабол табылды. Бұл оның сынамасына қайта тексеріс жүргізгеннен кейін анықталған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Артур Таймазов – Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты. Бұдан бұрын Таймазовтан тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолданғаны үшін 2008 жылғы Олимпиада ойындарындағы алтын медалін алып қойған болатын. Осылайша Лондондағы Олимпиада ойындарының алтын жүлдесі екінші орын алған грузин Давит Модзманашвилиге бұйырмақ.

Хабар 24 телеарнасы