386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дамир Ысмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды

  • 393
Дамир Ысмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды

Ресейлік жекпе-жек шебері этникалық қазақ Дамир Ысмағұловтың (18-2) Қытайда өтетін турнирдегі қарсыласы анықталды.

Mma_f1ghters_kz инстаграм-аккаунтының хабарлауынша, файтер 31 тамызда Шэньчжэндегі (Қытай) UFC Fight Night 157 турниріне қатысады. Оның қарсыласы бразилиялық боксшы Тиаго Мойзес (12-3) болмақ.

Осыған дейін Дамирдің менеджері Саят Әбдірахманов жекпе-жек шеберінің Фрэнк Камачоға қарсы октагонға шығу мүмкін екенін мәлім еткен болатын.

Орынбордың тумасы Исмағұлов UFC-деі дебютін 2018 жылы жасады. Осыған дейін екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен еді. 

Хабар 24 телеарнасы