386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол федерациясы Галина Полеваяны қолдауға арналған қайырымдылық матчын өткізді

  • 174
  • UPD: 21:29, 24.07.2019
Футбол федерациясы Галина Полеваяны қолдауға арналған қайырымдылық матчын өткізді

Қазақстанның футбол федерациясы ауыр дертке шалдыққан белгілі спорт журналисі, ұзақ жылдар «Хабар» агенттігінде қызмет еткен Галина Полеваяны қолдау мақсатында қайырымдылық матчын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолдастық кездесуге Галинаның әріптестері мен қазақ футболының ардагерлері қатысты. Олардың арасында Сейілдә Байшақов, Талғат Байсуфинов, Айтбай Жамантаев, Қайрат Нұрдәулетов, Михаил Гурман, Асқар Әбілдаев секілді аладоп шеберлері бар. Қазір Галина Полевая Түркияда ем қабылдап жатыр. Қызы Анастасия Вылегжанинаның айтуынша, операция жасауға 90 мың доллар қажет. Сондықтан Полеваяның спорттағы таныстары мен әріптестері қажетті соманы жинау мақсатында қайырымдылық іс-шарасын бастап кетті. Футбол үйіндегі су жаңа жасыл алаңдағы кездесу 6:3 есебімен, аладоп шеберлерінің пайдасына аяқталды.

Елсияр Қанағатов, ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры:

Осындайда спорт қауымдастықтары бірігу керек. Міне, бүгін «біз бірге жеңеміз» деп айтып жатқанның өзі де оған үлкен қолдау деп білеміз. Сондықтан Галинаның спорт журналистикасындағы орны бөлек. Спорттың дамуына, спортты насихаттап, көптеген Олимпиада ойындарына, әлем чемпионаттарына үлкен-үлкен жарыстарда осы елімізге, жанкүйерлерге спорттың өтіп жатқан жағдайын жақсы жеткізіп, білетін маман.

Хабар 24 телеарнасы