386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аралас жекпе-жектен ел үздіктеріне спорттық дәреже туралы куәлік табысталды

  • 269
  • UPD: 08:43, 25.07.2019

Аралас жекпе-жек бойынша ел үздіктері спорттық дәреже алды. Құзырлы министрлік елордадағы 5 бірдей панкратионшы жетістігін ерекше бағалап, «спорт шебері» деген куәліктер табыстады.

Бұл құрметке лайық болған жігіттер жуырда өткен Қазақстан чемпионатында топ жарған еді. Бұған қоса, әртүрлі халықаралық және құрлықтық додаларда ел намысын қорғап жүр. Енді олар қараша айында Италияда болатын әлем біріншілігіне аттанады. Осы тұрғыда мамандар жаңа спорттық атақтар қосымша мотивация боларына сенімді.

Мақсат Аманғазыұлы, панкратионнан мемлекеттік жаттықтырушы:

- Осы біз спорт шебері атағын берген жігіттер аралас жекпе-жектен де спорт ешебері, тай боксынан ба чемпион. Олар жекпе-жек т.рлерінің барлығын игерген және алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы