386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

  • 289
Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Бүгін Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу кезеңі аяқталып, Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Баландин аталған қашықтықты 2:09.27 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, жалпы есепте 11-орынға тұрақтады. Ал өз тобында Олимпиада чемпионы бесінші нәтиже көрсетті. Әзірге бірінші орында австралиялық Мэттью Уилсон (2:07.29) тұр. Екінші орында – ресейлік Антон Чупков (2:08.22). Үздік үштікті германиялық Марко Кох (2:08.70) қорытындылаған.

Айта кетелік, Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Рио олимпиадасының чемпионы атанды. Жартылай финал бүгін кешкі уақытқа жоспарланған. 

Хабар 24 телеарнасы