384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шайбалы хоккейден Қазақстанның ашық чемпионатына өзбек клубы қатысады

  • 325
  • UPD: 10:39, 25.07.2019
Шайбалы хоккейден Қазақстанның ашық чемпионатына өзбек клубы қатысады

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ашық чемпионатына Ташкенттің «Хумо» клубы қатысады.

Бұған дейін Самарқандтың «Шердор» командасы ел біріншілігінде сынға түсетіні айтылған болатын. Алайда Самарқандтағы хоккей кешені жаңа маусымға дайын емес. Сондықтан Өзбекстан өзге командасын Қазақстан чемпионатына қосты. Спорт әлеміндегі өзге де жаңалықтар алдағы топтамада. 

«Тур де Франстан» капитандары Якоб Фульсанг шығып қалғаннан соң «Астана» велокомандасының спортшылары Гранд-турдағы кезеңдердің бірінде топ жаруды көздеді. 17-кезеңде Қазақстандық команда сапынан Магнус Корт, Горка Исагирре және Омар Фраиле шабуылға шықты. «Астаналықтар» алғашқы топқа ілесіп, өзгелерден ұзап кетуге тырысты. Алайда Корт қалып қойды. Исагирре мен Фраиле жұбы мәреге дейін жүлдеге таласты. Әсіресе, Горка Исагирре белсенділік танытты. Бірақ шешуші сында Италиялық Маттео Трентин жылдамдығын арттырып, 17-кезеңнің жеңімпазы атанды. «Астана» велоспортшысы алтыншы болып жарысты аяқтады. Жалпы есепте өзгеріс жоқ. Француз Жулиан Алафилипп «сары жейдені» қалған үш кезеңде сақтап қалуды көздейді. Екінші орында Ұлыбританиялық Герайнт Томас келеді. Нидерланды өкілі Стивен Крейсвейк үздік үштіктің қатарында.

«Манчестер Юнайтед» шабуылшы Ромелу Лукакуды 90 млн фунт-стерлингке сатуға дайын. Бельгиялық футболшыға «Интер» «құда түсіп отыр». Ағылшын командасы Италиялықтарға қатаң талап қойды. Егер «Интер» 8 тамызға дейін аталған сомаға келіспесе, келісім-шартқа қол қойылмайды. Лукаку өткен маусымда «Юнайтед» сапында 45 матчқа қатысып, 15 доп соқты. Шабуылшының Манчестер командасымен келісім-шарты 2022-ші жылға дейін жасалған. Жарақатына байланысты Лукаку алдағы «Тоттенхэммен» болатын жолдастық кездесуге қатыса алмайды. Қазір «Манчестер Юнайтед» командасы Қытайда оқу-жаттығу жиынында жүр.

Хабар 24 телеарнасы