385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Дадашев – Матиас жекпе-жегіне қатысты тергеу жүргізіледі

  • 153
АҚШ-та Дадашев – Матиас жекпе-жегіне қатысты тергеу жүргізіледі RT

АҚШ-тың Мэриленд штатының атлетикалық комиссиясы (MSAC) ресейлік боксшы Максим Дадашев пен пуэрторикалық Сабриэль Матиастің жекпе-жегіне қатысты тергеу жүргізеді.

«Максим Дадашевтің қазасы MSAC өкілдерінің қабырғасын қайыстырды. Спортшының отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Мэрилендтің атлетикалық комиссиясы бұл істі қарайды», – делінген The Washington Post-та жарияланған мәлімдемеде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Дадашев Матиаспен болған жекпе-жектен соң есінен танып қалып, оған операция жасалған.

Өкінішке қарай, дәрігерлер боксшының өмірін сақтап қала алмады.

Былғары қолғап шеберінің денесі жақын арада Ресейге жеткізіліп, 28 жастағы спортшы Петербургте жерленеді.

Хабар 24 телеарнасы