Аргентинада 23 жастағы Уго Сантильян есімді боксшы қайтыс болды.
Сенбі күні Уго уругвайлық боксшы Эдуардо Абреуға қарсы кездесуге шыққан болатын. Жекпе-жек 10 раундқа созылып, тең аяқталды. Бірақ кейін Сантильян өзің жайсыз сезініп, ауруханаға жеткізілген.
Спортшының миына ота жасалған. Өліммен арпалысып жатып, екі рет жүрегі тоқтап қалған екен. Ал бүгін отадан кейін ес жия алмай, бақилық болды.
Айта кетейік, 23 шілде күні ресейлік боксшы Максим Дадашев те жекпе-жектен кейін көз жұмған болатын.