386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Михаил Гурман – «Астана» ФК бас директоры

  • 280
Михаил Гурман – «Астана» ФК бас директоры

«Астана» футбол клубының негізгі құрам ойыншылары мен бапкерлер құрамына клубтың жаңа бас директоры таныстырылды.

Бұл лауазымға «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының шешімімен белгілі қазақстандық маман Михаил Ильич Гурман тағайындалды, деп хабарлайды fcastana.kz

Михаил Ильич футболшы ретіндегі мансабында қызылордалық «Орбита», алматылық «Қайрат», павлодарлық «Ертіс», қарағандылық «Шахтер» және талдықорғандық «Жетісу» командаларында ойнаған, әрі қазақстандық сұрмергендердің G100 клубы құрамына енген. 

Функционер ретінде Қазақстан кәсіби футбол лигасының директоры, Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметтерін атқарған. 

Хабар 24 телеарнасы