386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі теннисшіміз Прагадағы турнирдің 1/2 финалына шықты

  • 302
  • UPD: 16:20, 26.07.2019
Екі теннисшіміз Прагадағы турнирдің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов Чехияның астанасы Прага қаласында өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында жартылай финалға шықты. 

Ширек финалда жерлестеріміз Йелле Селс (Нидерланд)/Скотт Пуодзиунас (Австралия) жұбын қапы қалдырды, деп жазады prosports.kz.

Екі сетке созылған матч 6:4, 7:6 (7:0) есептерімен Андрей мен Алекандрдың пайдасына шешілді.

Финалға жолдама үшін теннисшілеріміз Андре Бегеманн (Германия) және Флорин Мердж (Румыния) жұбымен таласады. 

Хабар 24 телеарнасы