386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


О.Галбадрах Загребтегі Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

  • 222
  • UPD: 22:56, 26.07.2019
О.Галбадрах Загребтегі Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг Загребте дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні қазақстандық спортшы 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Галбадрах дода барысында Катарина Танзерді (Австрия), Ио Хионгты (ҚХР) және Ли Янанды (ҚХР) ұтып, финалға шықты.

Соңғы бәсекеде франциялық Мелани Клементпен күресті. Бастапқыда ұпай санымен қарсыласы алға шыққанына қарамастан, қазақстандық дзюдошы таразы басын өзіне аударып, жеңісті жұлып алды.

Тағы бір қазақстандық, жас дзюдошы Дәурен Сүйеукенов 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде ұтылып қалды. Загребтегі Гран-при турнирі 27 шілде күні де жалғасады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Галбадрах бастаған дзюдошылардың Загребтегі Гран-при турниріне қатысатынын жазған болатынбыз. Тағы бір қазақстандық жас спортшы Дәурен Сүйеукенов 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде поляк Тома Голомбқа есе жіберіп, бесінші орынға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы