385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Атлетико» мадридтік «Реалды» ойсырата жеңді

  • 212

Испаниялық «Атлетико» клубы Халықаралық чемпиондар кубогында мадридтік «Реалды» ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-та өткен испаниялық қос команданың ойыны 7:3 есебімен «Атлетико» пайдасына шешілді. Корольдік клубтың қақпасына бірінші гол ойын басталысымен кіріп кетті. Осылайша бірінші кезеңде «Реал» қақпасына жауапсыз бес гол кірді. 

Жеңімпаз клубтың сапында Диего Коста (1, 28, 45-пенальти, 51), сондай-ақ Жоау Феликс (8), Анхель Корреа (19) және Витоло (70) мадридтік клубтың қақпасынан саңылау таба білді. Жеңілгендер жағында Хосе Начо (60), Карим Бензема (85-пенальти) және Де Ла Фуэнте (89) есепті сәл де болсада қысқартты.

Ойынның 65-минутында «Реал» сапындағы Даниэль Карвахаль мен «Атлетико» шабуылшысы Диего Коста алаңнан қуылды. 

Айта кетейік, Диего Симеоненің командасы турнирдегі екінші кездесуін өткізді. Осыған дейін, «Атлетико» мексикалық «Гвадалахар» командасын пенальтиден (5:4) жеңді. «Реал» үшін бұл үшінші ойын. Зинедин Зидан шәкірттері «Бавариямен» кездесіп, 3:1 есебімен жеңілген еді. Ал лондондық «Арсеналды» 3:2 есебімен пенальтиден жеңді. 

Хабар 24 телеарнасы