386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада грэпплингтен «Аsia Open 2019» чемпионаты басталды

  • 164
  • UPD: 21:49, 27.07.2019
Елордада грэпплингтен «Аsia Open 2019» чемпионаты басталды

Турнирге әлемнің қиыр-қиырынан келген 500-ге жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан грэпплинг қауымдастығының қолдауымен осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жарыстың ерекшелігі - биыл турнир ашық форматта өтуде. Балалар, жасөспірімдер, ересектер мен ардагерлер барлығы 6 салмақ дәрежесі бойынша күреседі. Халықаралық турнирдің жеңімпаздары арнайы медальдармен марапатталады. Ал абсолюттық категория жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар беріледі.

Айта кетейік, биыл қыркүйек айында елордада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді.

Олжас Қабікен, ҚР грэплинг қауымдастығының баспасөз хатшысы:

- Қазіргі уақытта қауыдастықтың басты мақсаты – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде грэпплинг спорт түрін дамыту. Яғни, біз жыл сайын халықаралық ашық турнирлермен қатар, мәселен қыркүйек айында бізде Әлем чемпионаты өтеді. Биыл қатарынан екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында 40-тан астам ел жиналды. Биыл да сол спортшылар келіп олимпиадалық спорт түрлерімен қатар өнер көрсететін болады. Олар еркін күрес, грек-рим күресі, әйелдер күресі және төртінші спорт түрі болып бекітілді.

Хабар 24 телеарнасы