386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Голубев пен Недовесов Прага турнирінің финалында ұтылып қалды

  • 144
Голубев пен Недовесов Прага турнирінің финалында ұтылып қалды

Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Прага челленджер турнирінің финалында ұтылып қалды.

Қазақстандық жұп финалда уругвайлық Ариэль Бехар мен эквадорлық Гонсало Эскобармен күш сынасты. Голубев пен Недовесов жарысқа арнайы шақыртумен келсе, қарсыластары турнирдің үшінші ракеткалары еді.

Бірінші партия тартысты өрбіп, тай-брейкке дейін жетті. Онда қазақстандық жұп жеңіске жетті – 7:6 (7:4). Екінші сетте угугвайлық-эквадорлық жұп брейк жасап, алға шықты – 2:1. Қазақстандықтар қарсыласып баққанымен, олар дегеніне жетті – 7:5. Содан кейін Бехар мен Эскобар 10:8 есебімен матчты түйіндеді.

Хабар 24 телеарнасы