386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

  • 167
  • UPD: 11:46, 28.07.2019
Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Үндістанның Ассам мен Бихар штатында өткен айдан бері толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан қаза тапқандар саны артты.

Соңғы мәліметке қарағанда табиғат апатынан 200 адам көз жұмған. Бихар штатында тасқыннан 8 миллионнан астам тұрғын жапа шексе, Ассам штатында 3 миллион халық үй жайын тастап кетуге мәжбүр болған. Қазір тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіріп, су басқан аудандарда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Үндістанда жаңбырлы маусым қыркүйек айына дейін жалғасады. Жыл сайын бірнеше айға созылатын осы мезгілде жүздеген адам опат болады.

Хабар 24 телеарнасы