386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грек-рим күресінен еліміздің балуандары Минскіде 3 қола медаль жеңіп алды

  • 226
  • UPD: 13:46, 28.07.2019
Грек-рим күресінен еліміздің балуандары Минскіде 3 қола медаль жеңіп алды

Минскіде грек-рим күресінен өтіп жатқан Олег Караваев мемориалында қазақстандық балуандар үш медаль жеңіп алды.

63 келіде белдескен Мейрамбек Айнағұлов, 72 келідегі Мейіржан Шермаханбет және 97 келіде күрескен Ерұлан Ысқақов турнирдің қола жүлдегері атанды.

Бүгін Данияр Қаленов (67 келі) қола жүлде үшін күрессе, Ибрагим Магомедов (77 келі), Бауыржан Мусин (87 келі) және Дамир Күзембаев (130 келі) жұбаныш белдесуінде бақ сынайды.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы