385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зарина Дияс Вашингтон турниріне қатысады

  • 171
  • UPD: 15:09, 28.07.2019
Зарина Дияс Вашингтон турниріне қатысады

Қазақстандықтар Александр Бублик пен Зарина Дияс Вашингтон турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 71-ракеткасы А.Бублик алғашқы айналымда америкалық, рейтингте 94-орында тұрған Брэдли Кланмен күш сынасады. Қазіргі іріктеу сайыстары өтіп жатқан ATP турнирі 4 тамызда мәреге жетеді. Сол секілді Вашингтон WTA турнирінде (жүлде қоры 250 мың АҚШ доллары) Зарина Дияс өнер көрсетеді. Рейтингте 84-сатыдағы Заринаның қарсыласы іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі болмақ.

Әлемнің 8-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенс бастаған біраз мықтылар қатысатын бұл дода да 4 тамыз күні аяқталып, жеңімпаз белгілі болады. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 45-ракеткасы Михаил Кукушкин Лос Кабос (Мексика) ATP жарысында бақ сынайды. Оның қарсыласы рейтингте 92-орындағы босниялық Дамир Джумхур. Бұл бәсеке 5 тамызда бітпек. Осы жарыстардың бәрі де Нью-Йоркте 26 тамыз – 8 қыркүйек аралығында өтетін «Үлкен дулығаның» соңғысы US Open турниріне дайындық болып есептеледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Галина Воскобоеваның жұптық сында Юрмала турнирінің финалына шыққанын, Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің Прага жарысының финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы