386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тобыл өңірінде тұңғыш рет триатлон спортының үздіктері бас қосты

  • 184
  • UPD: 21:09, 28.07.2019
Тобыл өңірінде тұңғыш рет триатлон спортының үздіктері бас қосты

Қостанайда еліміздің триатлон спортының үздіктері бас қосты.

Республикалық чемпионатта Қазақстанның әр өңірінен жиналған 50-ден астам спортшы өзара бақ сынады. Жарыс шарты бойынша олар 750 метр қашықтықта суда жүзіп, 20 километр веложарысқа түсіп, 5 шақырымды жүгіріп өтті. Қатысушылар жас шамаларына қарай бірнеше топтарға бөлінген.

Юрий Гринев, жарыстың бас төрешісі:

– Бұл жарыс – әсіресе триатлонмен енді ғана айналысып жүргендерге, болашақта өмірін осы спорт түрімен байланыстырғысы келетіндерге жақсы бір тәжірибе. Бүгін әуесқойлар да өзара сынға түсті. Осындай үлкен жарыста оларда өз мүмкіндіктерін байқап көрді.

Хабар 24 телеарнасы