386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» командасы үшін биылғы «Тур де Франс» гранд-туры сәтсіз аяқталды

  • 131
  • UPD: 11:17, 29.07.2019
«Астана» командасы үшін биылғы «Тур де Франс» гранд-туры сәтсіз аяқталды sports.kz

Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан Король кубогы аяқталды. Халықаралық турнирде Қазақстандық былғары қолғап шеберлері екі медаль ұтып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

52 келіде Евгений Павлов күміс жүлдегер атанса, 60 келіде шаршы алаңға шыққан Әділет Құрметов қола медальға қол созды.

16-шы кезеңде қазақстандық велокоманданың капитаны Якоб Фульсанг пен Луис Леон Санчес жарақатына байланысты жарыстан шығып қалды. Жалпы есепте топ жаруды көздеген спортшыларымыз, кезеңдерде де жеңіске жете алмады. Үздік нәтиже Алексей Луценкоға тиесілі. Қазақстандық велоспортшы 18-ші кезеңде үздік үштіктен көрініп, жалпы есепте «Тур де Франсты» 19-шы орынмен аяқтады. «Астана» жігіттері арасындағы ең үздік нәтиже осы болды. «Достық» кезеңі саналатын соңғы сайыста Калеб Юэн жеңіске жетті. Австралиялық спортшы осы Гранд-турдағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Жалпы есепте Эган Берналь топ жарды. Колумбиялық спортшы алғаш рет «Тур де Франстың» сары жейдесін киді. Оның командаласы британиялық Герайн Томас екінші орыннан көрінсе, голландиялық Стивен Крейсвейк алғашқы үштікті түйіндеді. Словакиялық Петер Саган спринтерлер арасында үздік шықты. Француз Роман Барде тау жолдарының мықтысы атанды.

Эган берналь «Тур де Франс-2019» гранд-турының жеңімпазы:

Ең алдымен Колумбиялық азамат болғанымды мақтан етемін. Біз бұл турда жеңіске жетуге лайықты тер төктік. Командамызда мықты мамандар еңбек етті. Ұзақ жылдардан кейін көздеген мақсатымызға енді жеттік. Чемпионға тиесілі сары жейдені Колумбияға апаруға асығып отырмын.

 

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 20-шы туры турнир кестесіне өзгеріс енгізді

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 20-шы туры турнир кестесіне өзгеріс енгізді. «Оқжетпес» Көкшетауда «Ақтөбе» қақпасына жауапсыз төрт доп соқты. «Жетісу» «Шахтерден» басым түсті. Есеп: 2:0. «Тобыл» өз алаңында «Қайсардан» жеңіліп қалды. Қызылорда командасы 2:0 нәтижесімен жеңіске жетті. Басты қарсыластарының сәтсіздігін «Астана» ұтымды пайдаланды. Елордалық футболшылар «Тараздың» осал тұсын тапты. Есеп: 4:0. «Ордабасы» 1:0 есебімен «Ертісті» жеңді. 20-шы турдан кейін 41 ұпай жинаған «Астана» топ басына шықты. «Тобыл» 39 ұпаймен екінші орынға сырғыды. Қостанай командасынан бір ұпайы кем «Қайрат» үшінші тұр. Сосын «Ордабасы» мен «Қайсар» келеді. Алтыншы орынға «Жетісу» көтерілді. «Шахтер» мен «Атырау» турнир кестесінің бел ортасына жайғасты. Төменгі қатарда «Ертіс», «Тараз», «Ақтөбе» қалды.

 

Елордада теннистен 14 жасқа дейінгі балалар арасында Қазақстан кубогы өтеді

Бүгін елордада теннистен 14 жасқа дейінгі балалар арасында Қазақстан кубогының иегері анықталады. Командалық сынның финалында Алматы мен Қызылорда облысының теннисшілері кездеседі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Турнирдің жалпы жүлде қоры 15 мың долларды құрайды. Сондықтан ел кубогында топ жарғандар қаржылай да сый-сияпат алады.

 

Гамбург турнирінде Басилашвили жеңіске жетті

Грузиялық теннисші Николоз Басилашвили Гамбург турнирінде жеңіске жетті. Ұтыс қоры 2 млн еуроны құрайтын жарыстың финалында ол ресейлік Андрей Рублевтің осал тұсын тапты. Есеп: 7:5, 4:6, 6:3. Басилашвили жартылай финалда осы турнирдің бірінші нөмірлі спортшысы Алекс Зверевтен басым түскен болатын.

 

«Реал» шабуылшысы Гарет Бэйл Қытай клубына ауыспайды

«Реал» шабуылшысы Гарет Бэйл Қытайдың «Цзянсу Сунин» клубына ауыспайды. 30 жастағы Уэльс футболшысы Мадридте қалатын секілді. Себебі корольдік клуб қытай тарапынан қомақты қаржы сұраған. «Реал» президенті Флорентино Перес трансферге қарсы болған көрінеді. Бэйл Мадридге 2013 жылы ауысып келгені белгілі. «Реал» футболшыны «Тоттенхэмнен» 100 млн еуроға сатып алғанды. Сондықтан Перес ойыншыны арзан бағаға жібергісі келмейді. Бұған дейін Гарет Бэйл «Цзянсу Сунин» клубымен үш жылдық келісімге келген болатын. Қытайлықтар футболшыға жылына 22 млн еуро жалақы төлеуге келіскенді. Қазір Бэйл «Реалда» жылына 17 млн еуро табыс табады. Өткен маусымда 41 матчқа қатысып, 14 доп соққан ойыншы Зинедин Зидан келгелі негізгі құрамнан шығып қалды.

Хабар 24 телеарнасы