386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналду мен Макгрегор көршілес тұратын болды

  • 136
  • UPD: 22:48, 29.07.2019
Роналду мен Макгрегор көршілес тұратын болды Evening Standard

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду жақын арада Испанияның Марбелья қаласынан вилла сатып алады. 

Төрт жатын бөлмесі бар салтанатты вилла 1,3 миллион фунтқа бағаланған. Бұл шамамен 1,6 миллион доллар. Бұл нысан Жерорта теңізінің жағалауындағы «Ла Ресина» гольф-клубының аумағында орналасқан.

Вилла аумағында гольф алаңы, жеке спорт залдары, кинотеатр мен шексіздік бассейні бар.

Айта кетерлігі, дәл осы жерде ережесіз жекпе-жек шебері Конор Макгрегордің де тұрғын үйі бар. Конордың сәулетті сарайы 15 млн фунт тұрады. Осылайша спорт әлемінің екі алыбы көрші атанғалы отыр. 

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы