386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Динара Сәдуақасова Чехияда өткен турнирде топ жарды

  • 180
  • UPD: 13:28, 30.07.2019
Динара Сәдуақасова Чехияда өткен турнирде топ жарды prosports.kz

Чехияның Пардубице қаласында жыл сайынғы «Pardubice Czech Open» шахмат турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық Динара Сәдуақасова жеңіске жетті. Ол 9 турда 6,5 ұпай жинаған. Дәл осындай нәтижені тағы бір қазақстандық спортшы Жансая Әбдімәлік көрсетті. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша ол екінші орын алды. Үздік үштікті Болгариядан келген Нургуль Салимова түйіндеді. Оның көрсеткіші 6 ұпай.

Айта кетейік, турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен келген 300 шахматшы қатысты.

Хабар 24 телеарнасы