386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мөлдір Нарынова дзюдодан Азия чемпионы атанды

  • 203
  • UPD: 16:37, 30.07.2019
Мөлдір Нарынова дзюдодан Азия чемпионы атанды Sports.kz

Қазақстандық дзюдошы Мөлдір Нарынова Тайбэйде өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тжеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

70 келіге дейінгі салмақта күрескен ол жарыста қарсылас шақ келтірмеді.

Мөлдір ширек финалда моңғолиялық Оюнтулхур Бумбугурды, жартылай финалда Мария Суанды, ал финалда Иран спортшысы Мариам Барбатты иппон ұпайымен жеңді.

Айта кету керек, чемпионаттың бірінші күні Қазақстан құрамасы қоржынға 7 медаль салған болатын.

Хабар 24 телеарнасы