386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тарихта алғаш рет қазақстандық файтер UFC-мен келісімге қол қойды

  • 222
  • UPD: 07:47, 31.07.2019
Тарихта алғаш рет қазақстандық файтер UFC-мен келісімге қол қойды

Жартылай орта салмақта M-1 Global тұжырымының чемпионы Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді ұйым UFC-мен келісімшартқа отырды.

Бұл туралы қазақстандық спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлім етті.

«Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа қол қойып, ең үздік ММА ұйымымен келісімшартқа отырған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды. Алғашқы жекпе-жек қараша айына жоспарланған. Шавкат UFC-дегі бірінші қазақстандық спортшы, бірақ соңғысы емес екеніне сенімдімін» деп жазды Саят Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов наурыз айында M-1 Global чемпиондық белбеуін иемденген болатын. Әзірге ол UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық. Одан бөлек UFC-де үш жеңіске жеткен Ресейдің атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Дамир Исмағұлов бар.

Prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы