386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Альварестің Лас-Вегаста шығатын қарсыласы анықталды

  • 212
  • UPD: 11:55, 31.07.2019
Альварестің Лас-Вегаста шығатын қарсыласы анықталды

Бокс әлеміндегі белгілі американдық инсайдер Майк Коппинджер DAZN стримингтік платформасы орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварестің жаңа қарсыласымен жекпе-жек өткізуге рұқсат берді. 

Коппинджер өзінің Твиттерінде украинлық Сергей Деревянченконы DAZN Альварестің қарсыласы ретінде мақұлдағанын жазды. 26 қазанда Лас-Вегаста T-Mobile Arena кешенінде өтетін орта салмақтағы титулдық жекпе-жек бойынша келіссөздер басталып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін DAZN «Канелоның» қарсыласы ретінде қазақстандық Геннадий Головкинді және ресейлік Сергей Ковалевті қараған болатын.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы