386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық дзюдошылар Азия чемпионатынан 13 медаль жеңіп алды

  • 429
Отандық дзюдошылар Азия чемпионатынан 13 медаль жеңіп алды

Тайпейде дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Құрлық додасына 21 мемлекеттен 170 спортшы қатысқан болатын. Қазақстан командасы 13 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 1 алтын, 3 күміс және 9 қола медаль бар. Азия чемпионатындағы жалпыкомандалық есепте Қазақстан үшінші орын иеленді.  Бірінші орында Жапония, екінші орынды Оңтүстік Корея құрамалары иеленген. 

Жастар арасындағы Азия біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері: 

Алтын: Мөлдір Нарынова (70 келі)

Күміс: Ғалия Тынбаева (48 келі), Ақжол Қайыпхан (52 келі), Меруерт Сәрсенова (57 келі)

Қола: Ақмарал Науатбек (48 келі), Саера Мырзахметова (63 келі), Маргарита Гриценко (-78 келі), Дамир Болатбеков (60 келі), Ермек Амангелді (66 келі), Айбар Мукашев (73 келі), Нұрбек Ортай (81 келі), Бекарыс Сәдуақас (-100 келі), Бибарыс Әбдіғани (+100 келі).

Хабар 24 телеарнасы