386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкинмен шаршы алаңға шығудан тағы бір мексикалық бас тартты

  • 445
Головкинмен шаршы алаңға шығудан тағы бір мексикалық бас тартты

Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) тағы бір әлеуетті қарсыласынан айырылып қалды.

GGG өзінің жоспары бойынша қыркүйек айында Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуі керек болатын. Ақпараттарға сенсек, Головкин бірінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Хайме Мунгиямен (33-0, 26 КО) де келіссөздер жүргізген еді.

Алайда, бүгін мәлім болғандай Мунгия екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Джесси Варгаспен (29-2-2, 11 KO) жұдырықтастады. Варгас өзінің твиттерінде Мунгиямен өтетін келіссөздер туралы белсенді жазып жүр.

Ата кетейік, DAZN Альварестің қарсыласы ретінде Головиндік емес, украиналық Сергей Деревянченконы құп көрген болатын.

Хабар 24 телеарнасы