385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Канело» неліктен Головкинмен жекпе-жек өткізісі келмейді?

  • 220
«Канело» неліктен Головкинмен жекпе-жек өткізісі келмейді? prosports.kz

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық боксшы Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуден не үшін бас тартқанын түсіндірді. 

- Үшінші жекпе-жектен пайда көретін тек Головикн ғана. Біз DAZN тарапынан ешқандай қысымды көріп жүргеніміз жоқ. Олар «Канелоның» әлемдік жұлдыз екенін жақсы түсінеді. Ол өзінің тағдырына байланысты шешім қабылдап, тек үздіктермен жұдырықтасуға құқылы, - деп келтіреді Эрик Гоместің сөзін Los Angeles Times басылымы. 

Естеріңізге сала кетейік, GGG мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек қыркүйек айында өтеді деп күтілген болатын. Алайда Альварес бұл Головкинмен қолғап түйістіргісі келмейтінін айтқан.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы