386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстіккореялық футбол жанкүйерлері Роналдуды сотқа бермек

  • 214
  • UPD: 23:55, 31.07.2019
Оңтүстіккореялық футбол жанкүйерлері Роналдуды сотқа бермек prosports.kz

Естеріңізде болса, «Ювентус» мен Оңтүстік Корея чемпионатының Жұлдыздар командасы арасындағы ойын 26 шілдеде Сеулде өтті.

Келісімшартқа сәйкес Роналду кемінде 45 минут ойнауы тиіс еді, бірақ португалдық алаңда пайда болған жоқ.

Заңгердің айтуынша, қазіргі уақытта өтемақы туралы екі жанкүйер арызданған. «Әдетте мұндай жағдайларда талапкерлерге билет құны қайтарылатын болады, бірақ мен бұл ерекше жағдай деп санаймын, өйткені компания жалған жарнаманы пайдаланып, футбол жұлдызы жанкүйерлерінің қызметтерін пайдаланған. Қазіргі уақытта бізде екі талапкер бар, бірақ олардың саны шамамен 60 мың болады деп ойлаймын», — деді заңгер.

Сонымен қатар «Ювентуста» Роналду бұлшықет жарақатына байланысты алаңға шықпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Хабар 24 телеарнасы