386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


DAZN Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күнді жариялады

  • 223
  • UPD: 12:56, 01.08.2019
DAZN Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күнді жариялады Sports.kz

TalkSPORT басылымының редакторы Майкл Бенсонның айтуынша, қазақстандық бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі кездесуін күзде өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Эдди Хирн Геннадий Головкиннің 5 қазан күні Лос-Анджелесте жекпе-жек өткізетінін айтты», - деп жазды Бенсон Twitter-дегі аккаунтында. Головкин кіммен айқасатыны әзірге белгісіз. Бұған дейін Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға үш үміткер бар екендігі хабарланған. Айта кетейік, Эдди Хирн де Головкин сияқты DAZN стриминг сервисімен келісімшартқа отырған.

Хабар 24 телеарнасы