386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» футболшылары «Санта-Колома» командасын басым ұпаймен жеңді

  • 145
  • UPD: 22:29, 01.08.2019
«Астана» футболшылары «Санта-Колома» командасын басым ұпаймен жеңді

Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Астана» Андоррадан келген «Санта-Коломадан» басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

Матчтағы алғашқы голды қонақтар соқты. Алтыншы минутта Энрик Пи есеп ашып, алаң иелерін біраз қобалжытты. Дегенмен, бірінші таймның ортасында Рунар Сигурьонссон таразы басын теңестіре алды. 

Ойынның екінші бөлігінде «Астана» сапында алаңға тыңнан қосылған хорватиялық Марин Томасов шеберлігін паш етті. Соңғы 20 минутта Марин қарсылас қақпасына үш доп соғып, елордалық ұжымды келесі кезеңге жалғыз өзі сүйреп шығарды. 

Келесі кезеңде «Астана» мальталық «Вальеттамен» кездеседі.

Еуропа лигасы. Екінші кезең. Қарымта матч

«Астана» - «Санта - Колома» - 4:1(1:1) 

Голдар: Сигурьонсон 24, Томасов 72, 79, 90+1 - Энрик Пи 6

«Астана»:  Ненад Эрич 1 К, Антонио Рукавина 2, Марин Аничич 5, Дорин Ротариу 9, Рунар Мар Сигурьонссон 10, Иван Маевский 18, Фирмин Мубеле 19, Юрий Логвиненко 27, Рангело Янга 32, Евгений Постников 44, Дмитрий Шомко 77.

Қосалқы құрам: Александр Мокин 35, Серікжан Мужиков 7, Марин Томасов 14, Абзал Бейсебеков 15, Лука Шимунович 24, Юрий Перцух 28, Роман Мұртазаев 45.

«Санта-Колома»: Элой Касальс 1, Мойсес Сан-Николас 2, Хуанма Миранда 3, Андреу Рамос 4, Марк Ребес 5 К, Энрик Пи 6, Алеш Систеро Серна 8, Педро Сантос 10, Чус Соса 16, Жорди Алаэс 18, Андре Азеведу 19.

Қосалқы құрам: Жоэль Гарсия 12, Диего Нахера 9, Альберт Меркаде 11, Николас Медина 15, Антониу Маринью 23, Камочу 24

Prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы