386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореялық жанкүйерлер Роналдудан 55 млн доллар талап етіп отыр

  • 178
Кореялық жанкүйерлер Роналдудан 55 млн доллар талап етіп отыр sportmail.ru

Криштиану Роналду Оңтүстік Корея чемпионатының Жұлдыздар командасы арасындағы ойында келісімшартқа сәйкес кем дегенде 45 минут ойнауы тиіс еді, бірақ португалиялық ойыншы алаңға шықпады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Aljazeera порталына сілтеме жасап.

Көптеген жанкүйерлер кездесуден кейін Мюнган заңгерлік ұйымына алаңға шықпаған Роналдудың үстінен шағым түсірген. Арызданушылар футболшыдан 55 млн доллар талап етіп отыр.

Ойыншының менеджері Криштианудың бұлшықет жарақатына байланысты алаңға шықпағанын мәлімдеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы