386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғ.Өсербаев еркін күрестен Варшавадағы турнирде күміс медаль жеңіп алды

  • 127
Ғ.Өсербаев еркін күрестен Варшавадағы турнирде күміс медаль жеңіп алды

Варшавада еркін күрестен Вацлав Циолковскийді еске алуға арналған халықаралық турнир басталды.

Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан бір күміс медаль еншіледі. Сондай-ақ тағы үш спортшымыз финалға шықты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бес салмақ дәрежесі бойынша жеті қазақстандық балуан кілемге шығып, үшеуі ақтық сынға жетті. 57 келідегі Нұрислам Санаев, 92 келідегі Нұрғали Нұрғайыпұлы және 97 келідегі Ерғали Әлішер турнирдің алтын жүлдесіне таласады.  79 келіде белдескен Ғалымжан Өсербаев турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ол екі қарсыласын жеңіп, біреуіне есе жіберді.  Бүгін Расул Қалиев (61 келі) пен Ералы Әбдірашев (92 келі) қола жүлде үшін күреседі. 

Хабар 24 телеарнасы