386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның киокушинкай-кан каратэ федерациясы ерекше жаттығу түрлерін бастады

  • 138
  • UPD: 13:49, 03.08.2019

Қазақстанның киокушинкай-кан каратэ федерациясы айрықша жаттығу түрлерін бастады.

Спортшылар ормандағы арнайы лагерьлерге орналастырылды. Төтенше жағдайда каратэшінің өмір сүруге деген құлшынысы, ерік-жігері шыңдала түседі, дейді ұйымдастырушылар. Шығыс жекпе-жек шеберлері сынақтан қалай өтіп жатыр? 

Оқу-жаттығу жиынының дәл осындай форматын елімізге алғаш боп киокушинкай-кан каратэ федерациясы әкелді және 4-жыл осы федерацияның өкілдері ғана тұрақты айналысып келеді. Әдетте, басқа спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар жақсы қонақүйлерде жатып, қымбат спорттық залдарды жалдап, осындай жиындар өткізеді. Ал киокушин шеберлері жабайы табиғат аясындағы дайындықтың әсері ерекше екеніне сенімді.      

Дастан Әбжанов, каратэден жастар құрамасының бас бапкері:

- Енді бізде қалған нормативтер бар қабылдап жатқан. Әр жасқа бөліп, турникке шығу деген, 12 жаттығудан тұрады. Сол 12 жаттығумен нормативтерді қабылдап, ішінен ең мықтысын анықтап жатырмыз. 

Биыл дайындықты пысықтау даярлығына 70-тен астам спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында ересектер мен балалар да бар. 

Нұрмұхаммед Ұнатбекұлы, жаттығуға қатысушы:

- Үйді сағындым. Өскеменнен келдім. Канатқа шығып үйрендім. Ағашқа шығып, көп заттар үйрендім.

Оқу-жаттығу жиынының бағдарламасын жергілікті мамандар ойластырған. Даярлық бірнеше секциядан тұрады. Оның жартысынан астамы күрделілігімен ерекшеленеді.

Сайрамбек Ербатырұлы, республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы президентінің орынбасары:

- Біздің федерация осыдан 5 жыл бұрын бастаған бұл жалпы жұмыс. Бұл жұмысты атқарып жатқан басты мақсатымыз - біздің ұлттық құрама команданы жабайы табиғатта спортшылар өз-өздерін шынықтыру. 

Оқу-жаттығу жиыны 21 күнге жалғасады. Үйреншікті тұрмыстық заттарсыз өмір сүру, қиын жағдайда аман қалу, қасыңдағы жолдастарыңмен өзара жәрдемдесу мерзімі осынша уақытқа созылмақ. Бұған екінің бірі шыдас бермейтіні белгілі. 

Авторы: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы