388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің балуан қыздары Польшадағы турнирде екі медаль жеңіп алды

  • 250
  • UPD: 17:51, 04.08.2019
Еліміздің балуан қыздары Польшадағы турнирде екі медаль жеңіп алды

Польшаның Варшава қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир жалғасуда. Таяуда кілемге шыққан Қазақстан әйелдер командасының өкілдері екі медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

50 келіде белдескен Валентина Исламова финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанды. Екінші күміс медальды 59 келіде күрескен Мадина Бақбергенова иеленді. 76 келідегі Эльмира Сыздықова мен Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге таласады. 

Хабар 24 телеарнасы