386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси жаңа маусым туралы ойымен бөлісті

  • 318
Месси жаңа маусым туралы ойымен бөлісті

«Барселона» биыл да барлық кубок үшін таласады.

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси жаңа маусым алдында өз пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, Барселона футболшылары өздері қатысатын барлық турнирде көш бастау үшін барын салатын көрінеді. Естеріңізге салайық, ішкі біріншілікте жеңіске жеткенімен, Эрнесто Вальверде шәкірттері Чемпиондар лигасының финалына шыға алмады.

Лионель Месси, футболшы:

– Өткен маусымға қатысты бірдеңе айту қиын. Дегенмен өкінетін ештеңе жоқ. «Барселона» футболшыларын бұрынғыдай қолдай беремін. Жаңа маусымда әр кубок үшін таласамыз.

Хабар 24 телеарнасы