386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Норвегиялық шаңғышы жеңіл атлетикада топ жарды

  • 116
Норвегиялық шаңғышы жеңіл атлетикада топ жарды Sportbox

Шаңғы жарысынан олимпиада чемпионы, әлемнің 10 дүркін чемпионы Терезе Йохауг жеңіл атлетикадан 10 мың метр қашықтыққа жүгіруден Норвегия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.

Жарыс Хамар қаласында өтті. Йохауг 32 минут 20,87 секундта қашықтықты жүгіріп, жеке рекорд орнатты. Сонымен қатар спортшы әлем чемпионатына (31,50) іріктеу үшін қажетті нормативті орындады.

«Мен мұндай трассада ешқашан жүгірмедім, менің жылдамдық пен өзге де нәрселер жөнінде нақты түсінігім жоқ. Менің нәтижемді өте жақсы деуге болады, ал ең басты жағымды сәт – болашақ старттарда маған көмектесетін осындай тәжірибелерім екені анық. Басында бәрі оңай басталды, өзімді тым жақсы сезіндім, сөйтіп тәуекелге бел байладым. Егер Мен осы жарысқа қобалжи шыққанымда, техникасын түсінер едім. Қазір маған сол  жетіспейді», – дейді Йохауг.

Хабар 24 телеарнасы