386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин «Канелодан» тартып алынған титул үшін жұдырықтасатынын растады

  • 156
Головкин «Канелодан» тартып алынған титул үшін жұдырықтасатынын растады BNews.kz

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мексикалық Сауль Альварестен (52-1-2, 35 КО) тартып алынған IBF белбеуі үшін жекпе-жек бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын растады, - деп хабарлайды LA Times.

Бұл белбеуден Альварес чемпиондыққа міндетті қарсылас украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 KO) жекпе-жек бойынша келісімге келе алмай айырылған еді.

IBF әзірге Деревянченко мен Головкин арасында бос қалған титул үшін жекпе-жекті ресми бекіткен жоқ. Дегенмен тараптар жекпе-жекті қазан айына белгілеу бойынша келісіп жатыр.

«Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - дейді Головкин, алайда мән-жайды ашпады.

Айта кетейік, Головкин IBF титулынан 2018 жылы ұқсас жағдайда айырылған Деревянченкомен жұдырықтаспады. 2018 жылы қазанда украиналық бос қалған белбеу үшін америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-3, 29 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген.

Ал биыл мамырда Джейкобс белбеулер біріктірілетін жекпе-жекте WBC (Franchise) және WBA (Super) титулдарына ие Альварестен жеңілді. Осы уақытта Деревянченко іріктеу жекпе-жегінде Джек Кулькайды жеңіп, қайтадан міндетті үміткер атанды.

Хабар 24 телеарнасы