386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда қазақ күресінен Қазақстан кубогы өтуде

  • 184
Петропавлда қазақ күресінен Қазақстан кубогы өтуде

Петропавлда ұлттық спортымыз ұлықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақ күресінен спорт клубтары арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы өтіп жатыр. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған аталмыш додаға Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл сынды жеті облыстан жауырыны жерге тимеген 70-тен астам балуан қатысады. Олар жеті салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап, өзара мықтыны анықтап жатыр.

Бақдәулет Сәбитов, ҚР қазақ күресі федерациясының бас хатшысы:

– Биылғы ерекшелігіміз, біз бұрын сегіз балуаннан күрестіретін болсақ, биылдан бастап жеті балуаннан күрестіріп отырмыз. Оның себебі, төртте төрт болған жағдайда келіспеушіліктер болады. Сол үшін жеті салмақты қоюды жөн көріп отырмыз. 2018 жылы қазақ күресінің ережесі қайта бекітілген болатын. Сол ережемен өтеді.

Бауыржан Құлжанов, облыстық күрес федерациясының құрметті президенті:

– Өзіміздің алдымызда үлкен бағдарлама тұр. Былтыр Қазақстан кубогында біздің команда үшінші орын алған. Оған дейін 15,16-орын алып жүретін едік. Жігіттер дайындалды.

Хабар 24 телеарнасы