385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Новак Джокович пен Рафаэль Надаль елордаға келеді

  • 160
  • UPD: 11:32, 06.08.2019
<span class=favorites>Новак Джокович пен Рафаэль Надаль елордаға келеді</span>

24 қазанда «Барыс Арена» сарайында әлемге әйгілі теннисшілер Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасындағы матч өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында жиналған қаржы қайырымдылыққа бағытталады. Қазіргі таңда билеттерді онлайн сату басталды. Ең төменгі баға – 3 мың теңге, ең қымбаты – 100 мың.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының әлемдік рейтингінде көш бастап тұрған Новак Джокович пен Рафаэль Надаль өзара 54 ресми матч өткізген. Рафаэль Надаль бұған дейін 2014 жылдың қыркүйегінде Қазақстан астанасында француз Жо-Вильфрид Тсонгаға қарсы ойын өткізген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, көп функционалды «Барыс Арена» сарайына 11 626 көрермен сыяды.

Хабар 24 телеарнасы