386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жас шабандоз жарыс жолында қайтыс болды

  • 290
  • UPD: 12:13, 06.08.2019
Жас шабандоз жарыс жолында қайтыс болды

Lotto-Soudal командасының бельгиялық шабандозы Бьорг Ламбрехт «Польша» турының үшінші кезеңінде құлап, ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың 50-шақырымында Ламбрехт бетон құбырына құлады. 22 жастағы шабандозға алғашқы медициналық көмек тас жолда көрсетілді. Кейін ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, бірақ операциядан аман шықпады.

Айта кетейік, Ламбрехт кәсіби мансабын 2018 жылы бастаған. Әрі сол жылы жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған.

Ал 2019 жылы маусымда Ламбрехт Lotto-Soudal командасымен келісімшарт мерзімін 2 жылға ұзартқан. 

Хабар 24 телеарнасы